Жуырда Петропавл қаласының бір топ тұрғыны «Біз азат және еркін халықпыз, ерлер мен әйелдер, СҚО Петропавл қаласының еңбекші тұрғындары Қазақстан Республикасы корпорациясының құқықтық негізінің жалғандығына байланысты, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлар туғызуына байланысты, сондай-ақ оның агенттерінің әрекетке қабілетсіздігі мен абыройсыздығына байланысты біздің игілігіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшылары мен қызметшілеріне толық сенімсіздік білдіреміз. Біз, халық, өз тәуелсіздігімізді, дербестігіміз бен егемендігімізді жариялаймыз. Жалпыға бірдей бөлінбейтін ұлттық қазынаны сақтаудың сөзсіз екенін, туған жердегі азаматтық мүліктік құқықтардың өзгермейтіндігін еске саламыз және СҚО Петропавл қаласында жұмысшылардың халық кеңесін жандандырамыз», делінген видеоүндеу жарияланғаны белгілі.
Әдепкіде бұл іспен құзырлы органдар айналысып жатқандай көрінгенімен, оның нәтижесі көпшілікке жарияланбады. Ал, күні кеше мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап еткен Диас Құзайырға, ұлтаралық араздық тудырды деген жаламен 174 баппен қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.
Қоғамда қазақ тілінің мәртебесі үшін шырылдап жүрген азаматтарды құзырлы органдар бақылауда ұстайтынын, керісінше өзге ұлт өкілдерінің іс-әрекеттеріне немқұрайлы қарайтыны айтылуда.
– Топтасқан түрде сепаратистік әрекетке барған, тіркелмеген, заңсыз ұйымның жиналысын өткізген, үй ішінен үй тігуді көздеген Петропавлдағы орыстарға қылмыстық тұрмақ, әкімшілік жаза қолданған жоқ. Қолданған болса еститін едік. Ал, мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап еткен қазақ азаматына, ұлтаралық араздық тудырды деген жаламен 174 баппен қылмыстық іс қозғалыпты.
Шимай дәптерге айналған, қадірі кеткен конституция жазылған ҚР азаматтрының заң алдында құқығы бірдей деген тармағы қайда? Не деген әділетті мемлекет, әділ заң десеңші! Сонда бұл елдің иесі кім? Атасы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қан кешіп қорыған қазақ па? Әлде, жер аударылып келген орыс па? Айтыңдаршы ақордалықтар, бұл жердің иесі кім? – деп ашынды Ырысбек Тоқтасын.
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса парламент үйінде мемлекеттік тіл туралы заңды қайта қабылдау туралы мәселе көтеріп жүр. Ол Конституциядан 7-баптың 2-тармағын алып тастау керек деп есептейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!