Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Заң талаптарына сәйкес әкімдікке ұсынылған тұлғаға жергілікті жердің мәслихат депуттары келісім берді.
Ахметжанов 1962 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданына қарасты Теңдік аулында туған.
Ішкі істер министрлігі дерегінше, еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласы прокуратурасында тағылымгер, кейін тергеуші болып бастаған.
1993-1996 жылдары — Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жылдары — Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жылдары — Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жылдары — Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001-2003 жылдары — Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003-2006 жылдары — Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары — ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жылдары — ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары — Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.
2021-2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып қайта тағайындалған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!