Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанаға халық көшінің тежелуі мүмкін бе?

28.08.2023, 18:08 341

HALYQLINE.KZ

Астананың қоғамдық кеңесі қаланың 2035 жылға дейінгі бас жоспары жобасын талқылау кезінде астана халқының саны туралы мәселе талқылады. Кеңес жиналысында аймақ тұрғындарының жақсы өмір үшін астанаға ағылуына жол бермеу керектігі де айтылды, деп хабарлайды «Информбюро».

«Қоғамдық кеңес мүшелері бас жоспар дайындаушылардың ұстанымын қолдайды. Олар астана халқы санын арттыруға ұмтылудың қажеті жоқ, Қазақстанның барлық аймағы тең дәрежеде дамуы керек деп есептейді».

2030 жылға қарай астана халқы 2 миллионға, ал 2035 жылға қарай 2,3 миллион адамға жетеді деп болжанған. Қазір астанада 1,3 миллионнан астам адам тұрады.

Қоғамдық кеңес қаланың 2035 жылға дейінгі бас жоспары жобасын ұсыныстар мен ескертулерді еске отырып қабылдауға кеңес берді. Астана қаласы мәселихатының мәліметінше, қоғамдық кеңеске мына адамдар мүше:

  1. Абден Қарақат Жақсылыққызы – «Қазақ қызы» ҚБ төрағасы;

2. Ажикенова Мадина Берікболқызы – «Бөбек Медина» ЖШС құрылтайшысы;

3. Алауханов Есберген Оразұлы – Қоғам және ғылым қайраткері, халықаралық адвокат;

4. Алин Қанат Төлеубекұлы – «Қазақстан Республикасы грэпплинг қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;

5. Ахметов Сапар Қайратұлы – Қазақстандық блокчейн – технологиялар қауымдастығының Басқарма төрағасы;

6. Бөрібеков Қадырбек Қозыбайұлы – «Talap» КАҚ Президентінің кеңесшісі;

7. Гаипов ЗулфухарСултанович – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК директоры;

8. Елекеев Ирак Қасымұлы – Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы;

9. Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы – «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ төрағасы;

10. Есімов Дәулетхан Серғазыұлы – «Қазақстандық медициналық ұйымдар альянсы» РҚБ басқарма төрағасы;

11. Еспенова Махаббат Махсүтқанқызы – «КАМЕДА» ҚҚ атқарушы директоры;

12. Естек Қанат Ғалымжанұлы – «НС Асыл Қазына» ЖШС Бас директоры;

13. Зекейұлы Жасан – «Жас-Ай» Медициналық орталығы» ЖШС директоры;

14. Исабаев Бауыржан Абдрашитұлы – «BI-Holding» ЖШС Директорлар кеңесінің мүшесі;

15. Келигов Юсуп Хасанович – Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Астана Орманы» ЖШС дамыту жөніндегі басқарушы директоры;

16. Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы – «Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы» ҚБ төрағасы;

17. Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы – Қазақстан жаратылыстану ғылымдары академиясының Вице-президенті;

18. Қуанышев Төлеген Шанғытбайұлы – «ҚҰЙ АНАСЫ» РҚҚ атқарушы директоры;

19. Лян Анатолий Леонидович – «Жаңа Есіл қолжетімді баспана Үркер шағын ауданы» ҚБ төрағасы;

20. Мағзұм Арсланбек Талғатұлы – Нұр-Сұлтан қаласы «Amanat» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары;

21. Мұстафин Марат Кәрімұлы – «TSM Logistics» тасымалдау процесіне қатысушылар қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті;

22. Налшыбек Асхат Бағдатұлы – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Жас Сарбаз» балалар – жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы;

23. Омаров Темір Хаиркешевич – «Granite» ЖШС директоры;

24. Петрущак Василий Николаевич – «V-Technology» ЖШС директоры;

25. Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы – «Қалқаман Жылжымайтын мүлік» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы;

26. Тодераш Ольга Евгеньевна – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 47 балабақша-мектеп-гимназия» Кешені» КММ басшысы;

27. Тұрлыбеков Бақытжан Жұмағалиұлы – «Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығы» ЗТБ Президенті;

28. Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы – Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары;

29. Умербаева Рамзия Фаатовна – Нұр-Сұлтан қаласының №17 мектеп-гимназия директоры;

30. Шибкенов Зейнулла Рахымұлы – Нұр-Сұлтан қаласының «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (Астана қаласы мәселихатының ресми сайтындағы мәлімет дәлме-дәл берілді – ред.).

Еске сала кетейік, өткен аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астанаға көшті шектеуді көздейтін ережелер дайындап жатқаны мәлім болған. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан халқының жеті пайыздан астамы қазір Астанада тұрады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл шілдеде астананы дамытуға қатысты жиналыста адам санының артуы «көлік саласындағы жағдайды ушықтырады» деп мәлімдеген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: