Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ассамблея мүшелері полицейлерге қолдау көрсетті

01.05.2020, 15:47 511

HALYQLINE.KZ –| Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміздің сақталуына ел тыныштығын күзетіп, халық қауіпсіздігін сақтауда тәртіп сақшыларының үлесі зор. Бұл ретте, бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облыстық филиалының белсенді мүшелері ерекше режимде жұмыс істеп жатқан полицейлерге қолдау білдірді.

Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Кахар Дадашев бастаған белсенділер Тұңғыш Президент саябағында орналасқан блок-бекетке барды. Облыстық Ассамблея мүшелері полиция және медицина қызметкерлерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, ел игілігі үшін атқарып жүрген қызметтеріне сәттілік тіледі.

Өзбек ұлттық тағамдарын дайындап, блок-бекеттерде кезекшілікте тұрған қызметкерлерге ұсынды. Мұндай игі шаралар еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен татулығын арттыратыны сөзсіз.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: