Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тек қазақша сөйлейтін әкім Ресей азаматын неге басшы етеді?

27.07.2023, 10:32 392

HALYQLINE.KZ

Бүгін 23:00-де «Ақтөбе» грузиялық «Торпедо» Кутаиси командасымен Еуропа Конференция лигасында ойнайды. Мұндай матчтарда командалар сырттағы ойынға кемі 1 күн бұрын барып, жаттығу өткізеді, алаңға бой үйретеді.

Ал «Ақтөбе» командасы ұшақтың дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты таңғы 09:00-де ұшты. Осы дұрыс ұйымдастырмаудың басында облыс әкімі Ералы Тоғжанов тұр десек, қателеспейміз. Өйткені, қазір жарты әлем Ресейден іргесін аулақ салып жатқанда Ералы Тоғжанов осыдан бір ай бұрын ғана Сергей Петрович Куленко деген Ресей азаматына «Ақтөбе» футболының тізгінін ұстатқан. Сол Куленко бастаған «Ақтөбе» футбол клубының басшылығы санкциядан хабардар бола тұра чартерді Ресейдің Тула қаласынан жалдаған? Ал «Куленколар» еш мәселеге бас қатырмай, қанына тартып, бас пайдасын ойлайтыныны баршаға белгілі жайт.

Сонда «жүрегім қазақ деп соғады» деген облыс әкімі Ералы Тоғжановтың сөзі мен ісі екі бөлек пе? Әйтпесе, журналистке морал оқығандай, клуб басшылығына неге қазақ азаматын қоймады? Кешелі бері осы және өзге де сұрақтар «Ақтөбе» жанкүйерлерінің көкейінде тұр. Олар сүйікті командасының басшылықтың кесірен ұтылып қалмауын қалайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: