Аты әлемге танылған ұлы тұлға, Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Манделаның туған күні. 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қарар қабылдап, 18 шілдені «Нельсон Манделаның халықаралық күні» ретінде атап өтуге шешім қабылдаған. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын дүниеге келген саяси қайраткердің қайшылыққа толы ғұмыры, бейбітшілік пен бостандыққа қосқан зор үлесі әлем халықтарына өнеге. Халықаралық атаулы күнге орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен сұхбат өткізілді. Жиын барысында мекеменің тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы, әділет аға лейтенанты Абдінәбиев Олжас сотталғандарға Нельсон Манделаның өмір жолы жайлы кең көлемде мағлұмат берді.
- Бұл шара бізге айналамыздағы адамдарды қоғамға пайдасы тиетін әрекетке шақыруға, құлақ асуға және әрқайсымыз басқа адамдарға көмек бере алатынымызды түсіндірді. Мандела мырзаның «қоғамның шынайы мінез-құлқы оның балаларына қалай қарауынан көрінеді» деген сөзі болашағымыз болатын жастардың, оның ішінде балалардың мінез-құлқына аса мән берудің маңызы жайлы айтылған. Бұл мекемеге жаза басып, жаңылғанымыз, сол жастайымыздан жақсы мінез-құлықтың қалыптаспағанынан деп те айтуға болады – деді жазасын өтеуші азамат.
Сонымен қатар, оның жазаны орындау жүйесін дамытуға қосқан үлесі жайлы сөз қозғап, жазасын өтеушілерге тәртіп бұзбаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оларды тура жолға түсуге ынталандыру мақсатында жаттығаулар жасалды.
Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!