Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зерттеушілер Украинадағы соғыста 47 мың ресейлік жауынгер қаза болғанын анықтады

10.07.2023, 17:10 269

HALYQLINE.KZ

Украинадағы соғыстың 15 айында 47 мың ресейлік жауынгер қаза болған. Бұл туралы «Медуза» мен «Медиазона» басылымдары бірлесіп жүргізген зерттеуде айтылды. Қазір жүріп жатқан украиналық қарымта шабуыл құрбандары қара тізімге кірген жоқ.

Зерттеушілер мәліметінше, қаза болғандар саны 40 мың мен 55 мың аралығында болуы мүмкін. Статистика жүргізген уақытта 2022 жылғы өлім-жітім дерегі есепке алынған.

Ауғанстанда 10 жылға созылған соғыста да адам шығыны бұдан үш есе аз болған. Украинадағы соғыс шығыны 1994-1996 жылдардағы бірінші шешен соғысында қаза болған ресейлік жауынгерлер санынан тоғыз есе көп.

Зерттеу жүргізген журналистер 2022 жылы Ресейде қайтыс болған жас жігіттер күрт көбейгеніне назар аударған. Былтыр өлім-жітім әдеттегі көрсеткіштен 24 мыңға, есептеудің кейбір әдісі бойынша 25 мыңға артық болған.

Осылайша, 2023 жылғы 27 мамырдағы (украин қарымта шабуылы басталған уақытқа дейін) көрсеткіш бойынша, Украинадағы соғыста 47 мың адам қаза болды деп есептейді зерттеушілер.

Ауыр жараланған жауынгерлер мен әскери қызметтен кеткендерді қоса ескерсек, Ресей қарулы күштері 125 мың адамнан айырылған. Бұл есепке із-түссіз жоғалғандардың бірқатары ғана кіреді, бірақ тұтқындағы ресейліктер кірмейді.

Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыс шығыны туралы ресми мәлімет жарияламай отыр. Украина да соғыс шығынан жасырады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: