Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түспейтін ЕРКЕК НАШАР КӨЛІК сияқты

02.07.2023, 9:00 635

HALYQLINE.KZ

ЕРКЕК – БАЛА, жыныстық қатынас – «КӘМПИТ». Еркектің аты – еркек.

Қай жерде, қай елде болса да. Жаратылысы солай болған соң оның кез келген нәрсені қабылдауы да әйелдердікінен өзге болмақ. Басқасын былай қойғанда, жыныстық қатынасты да еркек әйелге қарағанда басқаша қабылдайды, деп жазады Ernur.kz

Жыныстық қатынас еркектер үшін НЕ? ҚАНДАЙ? ҚАЛАЙ?

Саралап көрейік. Жыныстық қатынас еркектің тәнінен басталады. Әйелдермен салыстырғанда, еркектердің сексуалдылығы олардың тәнінен басталады екен. Әйелдерде жыныстық қатынасқа деген қалауы көңіл күймен, көзімен көргенімен, естігенімен және есіне алумен оянса, еркектердікі аса қиын емес.

Табиғатында бар қалауы бас көтерсе болды, тек соны қанағаттандырғысы келеді. Бұған кінәлі, әлбетте, ағзадағы тестостерон гормоны. Ол бұрқылдап қайнап шыққанда еркекте эрекцияның пайда болуы орынды да заңды. Әсіресе, еркек жас әрі дені сау болса, бұл дұрыс та.

Жыныстық  қатынас  болмаған  еркек  «АШЫҒАДЫ»

Еркектерді төсек қатынасына келгенде «гурман» деуге болады. Яғни, олар тән қалауын қанағаттандырғанда мейрамханаға барғандағыдай талғампаз. Олар төсек қатынасына келгенде әркез «АШ» жүреді. Себебі, жаратылысы солай! Еркектерді бала, ал жыныстық қатынасты кәмпит деуге болады. «Кәмпиттің» бір ғана түрін жақсы көре ме, әлде бәріне шетінен «жей» бере ме, ол енді жеке талғамға байланысты.

«Пайдалы» түріне әуестендіру, оған көзін жеткізу – әйелдің еншісіне қалса керек. Төсек ләззаты – ҚУАТ КӨЗІ. Жыныстық қатынасқа түспейтін еркек – нашар жанармай құйылған көлік сияқты. Жүріп бара жатқан ссекілдісің, бірақ одан түсе салып жаяу тартып кеткің келеді.

Оны тексеріп көру де қиын емес. Бір ай бойына еркектің емеурінін қабылдамай, оны «төсексіз» қалдырсаңыз, бірден жұмысқа деген қабілеті нашарлап, болмайтын жерде жаңылып, жүйкесі «ыдырап» сала береді.

Бірақ ОЛ кінәлі емес, еркекті де уақытында қуаттап тұру керек.

Еркектің  сексуалды  АРМАНЫ

Әйелдердің ең бір қате ойлайтын тұсы – еркектер армандамайды деп ойлайды. Әсіресе, жыныстық қатынасты… Армандағанда, еркектер армандасын! Әсіресе, көрпеасты шаруаға келгенде еркектің қиялының қасында әйелдің әлемді шарлаған жүйрік ойы шаңына да ілесе алмай қалады.

Армандағанда дүниеде жақсы көретін барлығына теліп жібере салады. Мәселен, ол жыныстық қатынас кезінде «футбол ойнап, гол соғып», сағатына 360 шақырым жылдамдықпен «жүйіткігісі» келеді. Тіпті, ауада «аунап түсіп», ең үлкен «танкпен» атуды армандайды.

ТӨСЕГІ  қайда,  ҮЙІ  сонда!

Қазақта «төсегі суымасын» деген сөз бар. Өте бір терең мағынада айтылған.

Некелі жұптың арасына қатысты осы бір сөз тіркесін қазақ еркектің жаратылысын жақсы білгендіктен айтса керек. Себебі, еркек үшін қай жерде төсегі ыстық, жайлы, сол жер оның мекені болмақ. Әсіресе, ол мекеннен тәтті тағам мен жайлылықтың лебі есіп тұрса, ол жерден ешқашан кетпек емес.

Өйткені, жаратылысы солай! Ыстық жар төсегі мен дәмді асы дайын тұрған, тәтті балалары бар жерге еркек келе бергісі келеді. Ондай жерден тек жаратылысынан «ауып» кеткендер ғана жерісе керек. Қартайғанда да… «Кәрі ат атызды бұзбайды, бірақ терең де қазбайды».

Еркектер үшін ең қауіптісі – жыныстық қабілетінің «өшуі». Еркектердегі климакс та жаратылыстан бар. Әлбетте, Жетпісбай мен Сексенбай туғызатын еркектер де бар, дегенмен, олар да қартаяды ғой. Сол сәтте олар «қасымда түсінетін, сүйеніш болатыр жарым болса» дейді. Бірақ қартайса да жаратылысынан алыс қалмайды. Зейнетке шықса да, көрпе астынан қол жүгіртуге жарайды. 

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: