Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Өзенмұнайгаздың» бұрынғы директор орынбасары ұсталды

27.06.2023, 9:50 229

HALYQLINE.KZ

«Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы директор орынбасары Ермек Қарамұрзаев коррупция күдігімен ұсталды деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі. 

Аталған агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Қарамұрзаев қызметін пайдаланып, «КЕЗБИ» және басқа да компаниялардың жұмысына кедергі келтірген.

Тергеу мәліметінше, Қарамұрзаев тендерге құжаттары жалған компаниялардың қатысуына жол беріп, «КЕЗБИді» өзіне пайдасыз шарттарда скважиналарды жөндеу бойынша келісімге қол қоюға мәжбүр еткен. Бұдан бөлек аталған компанияның заңды мүддесіне зиян келіп, оның мыңдаған жұмысшысының құқықтары бұзылған.

Өткен аптада Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» бен оның мердігер компанияларына жүргізілген тексеріс нәтижесі жарияланды. Бұл жөнінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Компанияның хабарлауынша, тексеріс нәтижесінде «118 заңсыздық пен сәйкессіздік» анықталған, алдын ала болжам бойынша 47 млн теңге көлемінде шығын келген.

  • 7 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілген;
  • 10 факт бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр;
  • 101 факт бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік айыппұл салынады, деді ҚМГ.

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған жайт Жаңаөзеннен Астанаға арнайы келген ондаған мұнайшы 10 сәуірде энергетика министрлігі кеңсесінің алдына түнегенінен басталған. Министр Алмасадам Сәтқалиевтен наразылыққа қатысушылардың жағдайы туралы сұрғына: «Далада түнеу – адамдардың өз қалауы» деп жауап берген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: