Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл ҰБТ-ны кез келген адам онлайн бақылай алады

30.04.2020, 9:41 947

HALYQLINE.KZ –|   Биыл пилоттық негізде Ұлттық бірыңғай тестілеу аудиторияларынан онлайн-трансляция жүргізілетін болады. Бұл туралы «ANTIKOR» орталығы алаңында өткен онлайн-диалог барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

Нақтырақ айтқанда ,«Adal Kómek» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов академиялық әділдікті нығайту және ҰБТ кезінде қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында онлайн-диалогқа қатысты. Мәлім етілгендей, биыл ҰБТ маусым айының соңы мен 5 шілде аралығында өтеді . Биыл шамамен 120 мың түлек және орта арнаулы білімі бар 15–20 мың азамат ҰБТ тапсырады.

Қазіргі Ұлттық тестілеу орталығы құжаттарды қабылдау жұмыстарын атқаруда. Биыл алғаш рет ҰБТ-ға қатысуға өтініштер Ent2020.testcenter.kz сайтында (10 мамырға дейін) онлайн режимде қабылданады. Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны дәстүрлі форматта қағаз түрінде өткізуді жоспарлап отыр.

Дидар Смағұловтың айтуынша, короновирустың таралуына байланысты қосымша санитарлық шектеу шаралары қабылданады. Мысалы, егер бұрын аудиторияларда 150-ге жуық адам болса, қазір олар әлдеқайда аз болмақ. Олардың арасындағы қашықтық ұзартылып, жеке қорғаныс құралдарын (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) пайдалану міндеттеледі. Бұл шаралар білім алушылардың қауіпсіздігі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қабылданған.

ҰБТ-ға дайындау үшін Ent2020.testcenter.kz сайты әр пән бойынша тегін тестілеудің 70 нұсқасын орналастырды.Орталықтың бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арнайы мониторинг тобының мүшелерімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының тестілеуге дайындығы мен оны өткізудегі қызметін бақылау, сондай-ақ ұялы телефондармен кіруді болдырмау мақсатында өткен жылдан бастап бақылау жүргізеді.

Сонымен қатар спикер тестілеу өтетін барлық аудиториядан онлайн трансляция жүргізу пилоттық жобасы туралы айтты. Осылайша, кез келген адам процесті бақылап, тестілеу кезінде ереже бұзу фактілерін бақылай алады. Ал анықталған жағдайда орталыққа хабарлауға болады. Бұл жүйе автоматты режимде смартфондарды пайдалану фактілерін анықтайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: