Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелінің шаттығы шалқиды

08.06.2023, 16:00 265

HALYQLINE.KZ Сыр өңіріндегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу – басты міндеттеріміздің бірі. Президенттің 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасына сәйкес былтыр өңірде 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар 263 пайызға орындалды. Осының нәтижесінде, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, жастар арасындағы жұмыссыздық 4 пайызға төмендеді», – деді аймақ басшысы.

«Бүгінгі күнге Өңірлік картадағы жоспардың 43,3 пайызға орындалуына қол жеткіздік, яғни 19 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде тұрақтысы – 6952 немесе 36,6%, уақытшасы – 12055 немесе 63,4%, 16 мыңға жуығы – жаңа жұмыс орындары», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Осы жылы ауданда 3 096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 4 айдың қорытындысымен 1 549 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жоспар 50 пайызға орындалды.

Биыл Сыр өңірінде 130 мың шаршы метр болатын 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынуда. Тұрғын үй салудан бөлек, өңірде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым жүйелерін дамыту жобалары да қарқынды жүзеге асуда. Облыс халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге жұмыстар жасалуда. Өткен жылы 6 ауыл «көгілдір отынға» қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жеткен. Биыл 12 елді мекенді газдандырған соң бұл көрсеткішті 75 пайызға жеткізу жоспарланған.

Айта кейтейік, биыл Шиелі ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Көкшоқы мөлтек ауданында 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысын аяқтап, тамыз айында 72 отбасына пәтер кілті табыстау жоспарда. Ауыз су мәселесіне келер болсақ, биылғы жылы Қызылқайың, Қосүйеңкі елді мекендеріне таза ауыз су жүйесі жүргізілетін болады.

Көгілдір отынның жайына келер болсақ, бүгінде Аудан бойынша Шиелі кенті және Ы.Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ш.Қодаманов, Ақмая, Алғабас ауылдары толық көгілдір отынға қосылып, аудан халқының 68 пайызын құрап отыр. Биыл тағы 6 елді мекенді: Еңбекші, Жиделіарық, Алмалы, Ә.Тәжібаев, Досбол Датқа, Бестам елді мекендерін көгілдір отынға қосу жоспарланып, жұмыстар басталып кетті.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы 3 жылда облыста 15 100 орынға арналған, құны 100 млрд. теңгеден асатын 21 мектеп бой көтермек. Биыл 10 мектептің құрылысы басталады. Ал, 2024 жылы Шиелі ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шиелі кентінен 900 орындық мектеп салынады.

Сыр елінде 5488 отбасына көкөніс, бақша өнімдерін егуге 3 мың гектардан астам жер дайындалып берілсе, Шиелі ауданында да бұл жұмыстар қарқында жүргізіліп, 1520,4 гектар жер 1390 отбасына берілген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: