Тамара Дүйсенова ҚР Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін осы қызметті атқарып келген Алтай Көлгіновтың орнына келді.
- – Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, – делінген Жарлықта.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында туған. экономика ғылымының кандидаты. Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1994-99 жылдары Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист, 1994-99 жылдары әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары, 1999-2020-де облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2002 жылы қыркүйектен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі. 2013-2014 , 2017-2018 және 2022 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымын атқарды. Ал 2014-2017 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінде болған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!