HALYQLINE.KZ –| 28 наурызда Қызылорда облысында СОVID-19 коронавирусы инфекциясымен алғашқы науқас тіркелген болатын. Сол сәттен бергі ахуалға қысқаша шолу жасап көрелік.
Статистика не дейді?
— 2020 жылдың 28 сәуіріне дейін тіркелгендер саны — 182 науқасқа жетті;
— Қызылорда қаласында — 48, Жаңақорған — 30, Шиелі — 66, Сырдария — 26, Қармақшы — 5, Қазалы — 3, Арал — 4 жағдай;
— 1 айда 110 науқас емделіп шықты;
— науқас анықталғандармен қарым-қатынаста болғандар саны — 2830.
— 1 айда 284 азамат провизорлық, 1551 азамат карантиндік стационарға жатқызылған.
Жас аралықтарына қарай:
— 14 жасқа дейінгі 20 бала;
— 15-65 жас аралығы 148 азамат;
— 65 жастан жоғары 14 адам;
Жынысына қарай:
— 93-і ер-азамат;
— 89-ы әйел азаматша;
Контингентіне қарай:
— 7-еуі — мектеп жасына дейінгі бала;
— 18-і — мектеп оқушысы;
— 16-сы — студент;
— 22-сі — зейнеткер;
— 44 азамат — жұмыста жүргендер;
— 49-ы — жұмыссыз жандар;
— 26-сы — медицина қызметкері;
Эпид маусымдағы дайындық:
— облыс бойынша инфекциялық — 215, провизорлық — 245, карантиндік 920 төсек орын стационар дайындалды;
— 3 стационарлы, 1 жылжымалы анализді зерттеу қондырғысы бар;
— тәулігіне 500 талдама жасай алады;
— 1 айда 9527 санама алынған;
Медицина қызметкерлеріне қандай қолдау жасалды?
— Президенттің қолдау нәтижесінде 481 медицина қызметкері наурыз айына 63 млн теңгеден астам үстеме қаржы алды;
— «Kazpetrol Group»компаниясы 120 медицина қызметкеріне 100 мың теңгеден — барлығы 12 миллион теңге қаржылай қолдау жасады;
— «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ облыстық филиалы 100 медицина қызметкеріне 50 мың теңгеден — барлығы 5 миллион теңге қаржылай қолдау берді;
— «Назарбаев Университеті жанындағы Әлеуметтік даму қоры» көпбалалы 16 медицина қызметкері отасына ноутбук табыстады;
— жеке кәсіпкерлер қолдауымен 300 медицина қызметкері «Қызылорда», «Селена», «Достық» қонақүйлеріне тегін орналастырылды;
— Олар тегін тамақпен және жүріп-тұру көліктерімен қамтамасыз етілді.
Тұрғындар қандай әлеуметтік қолдауға ие болды?
— облыс бойынша 8355 отбасына 1172,7 млн теңге әлеуметтік көмек тағайындалды;
— 53 137 адам 295,8 млн теңге азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығымен қамтылды;
— » Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы 6 313 отбасына 50 мың теңгеден 1 реттік көмек көрсетілді;
— табысынан айырылған 179 936 адамға 42 500 теңгеден 7 млрд 647,3 млн теңгеге төлем жүргізілді.
Тұрғындарды ақпараттандыру және кері байланыс қалай болды?
— БАҚ беттерінде 2955 материал жарияланды;
— 110 бейнеролик көрсетілуде;
— 4595 материал әлеуметтік желіде орналастырылды;
— сала басшыларының 96 брифингі берілді;
— «400-100» орталығына 20 538 қоңырау шалынып, тұрғындар сауалына жауап берілген.
Мәліметтер Өңірлік Коммуникациялар
Қызметі (Қызылорда) парақшасынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!