Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық патриоттар форумы өтті

05.06.2023, 8:40 842

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Қызылордадағы Рәміздер алаңында өткен салтанатты іс-шараға қатысып, сырбойылықтарды мерекемен құттықтады.

Мерекелік салтанат Әнұранмен басталды.

Аймақ басшысы кез келген елдің мемлекеттік мәртебесін айқындайтын басты құндылықтары – шекарасы, астанасы және Мемлекеттік рәміздері екенін атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы», – деген болатын. Еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз. Рәміздерімізді елдігіміздің ұраны, патриоттығымыздың бастауы, Отанымыздың мақтаныш символы ретінде танытуымыз қажет», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Патриоттық іс-шара аясында Отан, атамекен, туған жер туралы әндер орындалды.

Мемлекеттік Ту көтерген 15-тен астам жеңіл көлік пен 10 мотошабандоздың авто және мотошеруі жиынға ерекше сән келтірді.

Айта кетейік, Сыр өңірінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай 100-ге жуық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының және «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері арнайы сапта жүрді. Сонымен қатар Байқоңыр қаласында жалпыхалықтық патриоттық іс-шаралар өткізілсе, барлық аудандарда Елтаңба авторы, сырбойылық Жандарбек Мәлібековтің еңбектері насихатталды. Мемлекеттік Ту авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына арналған іс-шаралар, патриоттық акциялар, көрмелер мен танымдық сағаттар өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: