Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресей халқы азайып барады

02.06.2023, 8:50 213

HALYQLINE.KZ

Ресейдің 200 мың адамдық тұрақты армиясы 2022 жылы ақпаннан қыркүйекке дейін жеті айда Украина жерінде толықтай жойылды. Қыркүйектің 21-інде Ресей амалсыз ішінара мобилизация жариялап, резервтік армиясын соғысқа сала бастады. Тура биылғы 30 мамырға дейін московиттер 207 440 солдаты мен офицерінен, 3802 танкісінен, 3445 артиллериялық жүйесінен, 313 ұшағынан, 298 тікұшағынан айырылды.

Әдетте соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан бір адамға үш жаралыдан келеді. Осы тұрғыдан есептесек, Ресей тарапының 600 мыңнан астам солдаты мен офицері жаралы болып қатардан шыққан. 100 мыңға тарта адам хабар-ошарсыз кеткен. Қаза тапқан әр солдатының отбасына 7 млн рубльден төлем төлейтін Ресей үшін солдатының өлгенінен гөрі ақша төленбейтін хабар-ошарсыз кеткені әлдеқайда тиімді. Сонда 200 мың өлгені, 600 мың жаралысы, 100 мыңнан астам хабар-ошарсыз кеткен бар, бәрін қоссақ, Ресейдің Украинамен басқыншылық соғысында 900 мыңнан астам адамы шығын болған. АҚШ Президенті Джо Байденнің айтуына қарағанда Ресей тек Бахмут үшін ұзаққа созылған шайқастарда ғана 100 мыңнан астам әскерінен айырылған. Путин режимі өз халқы үшін қиындықтан қиындық туғызуда.

Соғыс Ресейдің адам және техникалық ресурстарын жеп жатыр. Мобилизация кезінде адамдарының шет елдерге қашқаны көз алдымызда. Әншейінде Ресей халқы 142 млн деп мақтанғанда кейбіреулер жарылып кете жаздайды. Ал іс жүзінде одан әлдеқайда аз сияқты. Егер халқы соншалықты көп болса 300-500 мың әскер жинап алу еш қиынға түспес еді. Ал әскер жинау өте қиынға түсіп жатыр. Әскерге түрмедегілер, мектептің жоғары сынып оқушылары, әйелдер тартылуда.

Осыдан оншақты жыл бұрын Ресейдің федеральдық статистикалық комитеті төрағасының орынбасары болған бір әйел «Ресейдің халқы 69 млн» деп қызметінен ұшып кеткен. Одан кейін Ресейдің ЗАГС ұйымы орталық аналитикалық орталығының қызметкері Екатерина Улитина 2010 жылы 1 маусымда Ресейдің халқы 89 млн 654 мың 325 адам деп нақты дерек бергені бар. Сарапшылар сол кездің өзінде-ақ таяу 10-15 жылда Ресей халқы 40 млн-ға азаяды деген болжам айтқан. Өйткені жыл сайын елдегі өлім туылымнан екі есе жоғары. Бірақ Ресей тарапы мұндай демографиялық есеп-қисабын мұқият жасырып ұстауға тырысады. Ал біздің есебімізше қазір Ресейдің халқы 70 млн-ның ар жақ, бер жағында ғана!

Марат Бәйділдаұлы,

жазушы-публицист

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: