HALYQLINE.KZ –| Үкімет басшысы Асқар Мамин кейбір нарық қатысушыларының төтенше жағдайды пайдаланып жатқанын мәлімдеді.
– Үкіметтің маңызды міндеті – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сауда және интеграция министрлігі ұсынған тәсілдерді қолдау қажет деп санаймын. Өздеріңізге белгілі, нарықта, әсіресе маусымаралық кезеңде бірқатар өнімнің бағасы өседі. Оның ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік те бар. Статистикаға сәйкес, 17 наурыз бен 7 сәуір аралығының өзінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы 4,2 пайызға өскен. Нарық қатысушыларының кейбірі төтенше жағдайды пайдаланып жатыр. Бұл фактілер халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесінің тиімсіз екенін көрсетті. Осы ретте біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бағаны бақылаудың жаңа деңгейіне өтеміз. Үкімет ұлттық тауар өткізу желісін, көтерме тарату орталықтарын кешенін құру бойынша жүйелі шешім қабылдады. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бірқатар Еуропа еліне барып, бұл тұрғыдағы үздік тәжірибелерді зерттеді. Зерттеу нәтижелерін пайдаланамыз, – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Үкімет басшысының айтуынша, осы себепті проблемаға мемлекет араласып, бағаның шекті мәнін белгілеп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!