Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

МӘМС қаражаты кері қайтарылмайды

19.05.2023, 17:08 400

Парламент  мәжілісінің депутаты Асхат Рахымжанов МӘМС жүйесін сынға алып, Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдаған. Ол бір жыл ішінде бірде-бір рет дәрігерге қаралмаған қазақстандықтарға медициналық сақтандыру құнының 50 пайызын қайтаруды ұсынған еді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев депутаттың ұсынысына жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша,  қазір әлемде медициналық сақтандырудың түрлі үлгілері  бар. Десе де ешбір елде берген ақшасын кері қайтару қарастырылмаған.

  – Сингапурда жеке шоттары бар жүйе қаражатты тек атына берілген адамға ғана жұмсауды қарастырады. Бізде  ынтымақты жүйе. Бай – кедейге, сау адам – науқасқа  деген қағидаға құрылған, деді Тимур Сұлтанғазиев.

МӘМС қорының басшысы Сәбит Ахметов жүйенің ынтымақты екенін растап:

 – Егер 50 пайызын қайтарсақ, қорға ақша аударатын азаматтардың 80 пайызының жалақысы төмен, көп дегенде 30-40 мың қайтаратын шығармыз, бәлкім. Бірақ, қажет болған жағдайда олар көмекті қайдан алады? Егер оған қымбат тұратын операция жасалуы керек болса, егер оның құны 3-10 млн болса, ондай медициналық қызметті ол ақылы түрде ала ала ма? Біз қайтарған 30-40-60 мың теңге соған жете ме?, – деді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: