Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы прокурорының ҮНДЕУІ

17.05.2023, 12:05 234

HALYQLINE.KZ

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабының тәртібімен

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Өз кезегінде аталған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жеке және заңды тұлғалардың қаржыларын заңсыз тарту жағдайы алаңдатады.

Тұрғын үй құрылысына азаматтардың қаражатын тарту мәселесі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңмен (бұдан әрі – Заң) реттеледі.

Заңға сәйкес құрылыс салушылар үлескерлердің ақшасын екі жағдайда:

1. «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-мен шарт болған кезде (Заңның 8-бабы);

2. Әкімдіктің рұқсаты болған кезде ғана тарта алады (Заңның 9, 10-баптары).

Егер жобаға банк қатысса немесе үйдің қаңқасы болса, әкімдіктің рұқсаты беріледі. Сондай-ақ, Заңда шарттың атауымен манипуляциялар жасау жағдайы алынып тасталды.

Құрылыс компаниясы мен үлескердің арасында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт қана жасалуы тиіс, ол тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органда есепке алынуға жатады.

Сондықтан азаматтардың қаражатын тарту үшін құрылыс салушылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасуы қажет.

Басқа шарттардың түрімен (алдын ала немесе инвестиция түріндегі шарттар, брондау арқылы) азаматтардың қаржысын тартуға жол берілмейді.

Алайда жосықсыз құрылыс салушылар Заң талаптарын айналып өтуі мүмкін.

Әкімдіктің рұқсатынсыз және кепілдік беру қорымен шартсыз салынып жатқан жаңа тұрғын үй құрылысында пәтерлерді сату туралы хабарландырулар (брондау арқылы)нақтысында «қаржы» пирамидасының белгілері болуы мүмкін.  

Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 320-бабы).

Уәкілетті органдар белгіленген тәртіпке сәйкес құқықбұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеуге заңда көзделген шараларды қолданады.

Сондықтан азаматтарды тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу барысында күмәнді келісімшарттарды жасаудан сақтануға шақырамыз.

Өз кезегінде тұрғын үй құрылысын салушы компаниялар үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың қаржысын тарту үшін Заң талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Н. Бижанов,

Қызылорда облысының прокуроры

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: