Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Никулиннің құрып кете жаздаған жері

13.05.2023, 10:00 331

HALYQLINE.KZ

Бірде Ю.Никулин Австралияға цирк труппасымен гастролдік сапарға бару үшін ұшаққа мінеді, бірнеше сағаттан соң әзілқой актердің іші пысып кеткесін стюардессаға:

– «Мен саяси баспана сұраймын» деген сөз ағылшын тілінде қалай айтылады?», – деп сұрайды.

Стюардесса:

– Сізге ол сөз неге керек, Юрий Владимирович?- дегенде:

– Жәй, ойымда болсын деп сұрап едім ғой, – дейді.

Ол, әрине, нұсқау ереже бойынша тиісті жерге жеткізеді. Бірінші штурман келіп: «Юрий Владимирович, аяқ астынан неге ағылшын тіліне қызығушылық таныттыңыз?» дейді. «Жай, «мен саяси баспана сұраймын» деген сөз ағылшынша қалай айтылатынын білгім келді» деп жауап қайтарады.

Никулиннің бұл сұрағын ұшақ салонындағы бүкіл жолаушы естіп отырғандықтан, бәрі бір дүрлігіп қалады. Ізінше экипаж командирінің өзі келіп: «Юрий Владимирович, өте қуаныштымын, мен сіздің талантыныңызға табынушымын, әсіресе «Ко мне, Мухтар!» фильмінде керемет ойнадыңыз. Сіз неге сонша ағылшын тілін білгіңіз келді?» дегенде қасындағы әріптесі шыдамай күліп жібереді, оған қасындағылар да қоштап барлығы күліп салонды басына көтереді. Әзіл екенін енді түсінген экипаж командирі: «Мен сіздің әзіліңізден жаңа ғана Ташкентке қонуға рұқсат алдым, енді не істеймін?» дейді жыламсырап.

Бұл, әрине, әзілдейтін жер емес еді, совет делегациясына бас-көз болу үшін салонда КГБ қызметкері бар еді, соның айтуымен Ташкентке қонуға жерден рұқсат алып қойған еді. Командир бұл әзіл екенін «КГБшниктің» көзін әрең жеткізеді. Ұшақ Австралияға уақытында қонады, бұл әзілді барлығы да ұмытып кеткен болатын. Бірақ Никулин отпен ойнаған болатын, ол кезде қаһарлы органмен әзілдесу деген ақыл-есі дұрыс адамның ойына келмейтін. Ол «қаһарлы үш әріп» Никулин түгіл Египет елінің президенті Насердің өзің ат қылып жіберуге шамасы келетін. Мысал керек пе? 1979 жылдың 27 желтоқсанында Москваның сойылын соғуға келісім берген Бабрак Кармальді таққа отырғызу үшін Хафизулла Аминнің резиденциясын жермен жексен қылып, совет әскерін Ауғанстанға кіргізген болатын.

Бұл әңгімені 1991 жылы КГБ таратылып кеткен соң Никулин кинорежиссер Алексей Германға айтып берген болатын.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Ашық дереккөзінен алынған суретте: Ю.Никулин «Бриллиант қол» фильмінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: