Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Танысын тақырға отырғызған

27.04.2020, 10:53 467

HALYQLINE.KZ –| Қызылордада жақын танысының сеніміне кіріп, оның төлқұжат нөмірі мен банк картасын пайдалану арқылы алаяқтық жасаған 26 жастағы азаматша сот алдына келді.

Ол жақын танысының үйіне келеді. Сол үйде танысының төлқұжат деректерін жасырын түрде ұялы телефон суретіне түсіріп алады. Бұдан кейін ол күйеуі қызына ақша аударатынын айтып, банк картасын сұрап алады. Алған құжаттары арқылы түрлі микрокредит ұйымдарынан несие алып, танысына қомақты көлемде шығын келтіреді. Бүгінгі таңда оның үстінен ҚР Қылмыстық кодекінің 190-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс тергеліп бітті.  Қазір сотта қаралуда.

«Қазір интернет арқылы алаяқтық жасау көбейіп барады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында оған қатысты 162 қылмыстық оқиға орын алған. Сондықтан азаматтардан сақ болуын сұраймыз», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: