Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қошанов Дайрабаевтың отставкасын талап еткен петицияға пікір білдірді

10.05.2023, 15:20 520

HALYQLINE.KZ Бүгін журналистер мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан депутат Жигули Дайрабаев туралы сұрады. Жақында ғана Дайрабаевтың отставкасын талап еткендер петиция жариялаған еді.

  • Дайрабаевқа келер болсақ, ол депутаттығын тікелей өзіне қатысты заңды мәселе туындап тұрған жоқ қой!? Балаларына қатысты мәселе. Сондықтан, ел аузында жүрген депутаттардың балалары, туыстары ашық кеңістікте.Барлығын микроскоппен қарап отырады. Сондықтан әрбір шалт басқан қадамы жария болады, – деді Ерлан Қошанов.

Ол  “егер заңбұзушылық депутат Дайрабаев тарапынан болса, бірінші кезекте «Ауыл» партиясы өз шешімін қабылдауы керек деп есептейтінін” айтты.

Осы орайда тілшілер мәжілістің репутациясына зиян келмей ме деп сұрады. «Зиян келтірмейді деп санаймын», – деп қысқа қайырды спикер.

Жуырда мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың мандатын қайтарып алуды талап еткен петиция жарияланды. Оған депутаттың жемқорлық үшін шартты түрде сотталған ұлдары мен жер дауы себеп болып отыр.

Петиция авторы депутаттың екі ұлы жемқорлықпен ұсталғанын, мемлекетке келтірілген 550 миллион теңгелік шығын қалпына келтірілмегенін жазған. Оған қоса Дайрабаевтың өз ұлдарын жақтап, қорғап сөйлегенін сөккен. 

Сонымен қатар, петицияда Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жанжалда депутаттың да аты-жөні айтылғаны жазылған. 

«Компания өз елді мекенінде алаяқтық жолмен 10 мың гектар жерді иемденген. Ауыл тұрғындарына дивидендтер уәде етілді. Алайда олар ешқандай пайда таппады. Бұл мәселеде мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың есімі де аталды. Алайда депутат бұл алаяқтыққа қатысы бар екенін көпшілік алдында жоққа шығарды», — делінген петицияда.

Бүгінде петициямен 3933 адам келіскен, қарсы болғандар – 38. Петицияны қолдаған азаматтар депутат Жигули Дайрабаевтың өз өкілеттігінен бас тартуы керек деп санайды.

Еске сала кетейік,  өткен айда депутаттың екі ұлы, атап айтқанда Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтардың  субсидиялау қағидаларын бұзып, сатып алынған «Альбион» құлпынай көшеттерін жеке мақсаттарына пайдаланғаны анықталған болатын. Сот шешімімен Дайрабаевтың екі ұлының мүлкі тәркіленіп, басшылық лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған. Сонымен қатар 5 жылға шартты түрде сотталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: