Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ташкент: Қазақ-өзбек айқасы басталады

08.05.2023, 12:36 455

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 8 мамырда Қазақстан құрамасынан үш боксшы рингке шығады.

Астана уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда А рингінде Махмуд Сабырхан (54 келі) алғашқы болып венгриялық Иштван Сакоймен кездеседі.

Ал, 19:00-ге белгіленген кешкі сессияда Б рингінде екінші жекпе-жекте Санжар Ташкенбай (48 келі) өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен кездессе, А рингінде оныншы жұпта Сағындык Тоғамбай (86 келі) тағы бір өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен шаршы алаңға шығады.

Қазірге дейін ел құрамасынан төрт боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бар.

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов үндістандық Дипак Кумармен өткен кездесуі ешкім күтпеген нәтижемен аяқталды. Алғашқы екі раундта Сәкен Бибосынов басымдық (4:1 есебімен алда болды) көрсеткенімен, төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға (3:2 есебімен) беріп жіберді.

Қазақстандық бапкерлер Бибосыновтың кездесуіне байланысты ИБА (IBA) президентіне шағым хатын жібергенімен, оны қанағаттандырусыз қалдырды. Еске сала кетейік, Былтырғы жылы Сербияда өткен әлем біріншілігінде Сәкен Бибосыновты жеңген Дипак Кумар Өзбекстанның үкілі үміті Хасонбой Дусматовты жеңіп, үйіне медальсіз қайтарған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: