HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының 21 жастағы тұрғыны 2022 жылдың желтоқсан айында «телефондарын сөйлесуге сұрап алып» алаяқтық жолмен үш қала тұрғынын алдап, телефондарын сатып жіберген. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 1 млн 650 мың теңгені құрады.
Тергеу барысында күдікті азаматтың жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сараланған.
28.03.2023 жылы сотталушы сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!