Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада алаяқтық жасаған 21 жастағы азамат сотталды

24.04.2023, 15:55 225

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының 21 жастағы тұрғыны 2022 жылдың желтоқсан айында «телефондарын сөйлесуге сұрап алып» алаяқтық жолмен үш қала тұрғынын алдап, телефондарын сатып жіберген.  Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 1 млн 650 мың теңгені құрады. 

Тергеу барысында күдікті азаматтың жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сараланған.

28.03.2023 жылы сотталушы сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: