Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар орталықтарының жұмысын дамыту керек

24.04.2023, 10:45 568

HALYQLINE.KZ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жастар және отбасы істері» комитетінің төрағасы Қ.Д.Баймульдинов, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш.А.Байманов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.А.Ерниязова, ҚР-ның АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының басшысы М.М.Есекеева, Қазақстанның барлық аймағынан Жастар ісі жөніндегі басқарма басшылары, барлық облыстардағы Жастар ресурстық орталықтарының директорларының қатысуымен Жастар ресурстық орталықтарын дамытуға, ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы, ҚР 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасындағы өзгерістерді талқылау мақсатында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында сөз алған Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Асқарұлы Сыр топырағына келген барша қонақтарға және үйлестіру кеңесінің жұмысына сәттілік тілеп, ел дамуының негізі тетігі саналатын жастар саясатының маңыздылығына тоқталды. NEET санатындағы жастармен жұмыста берілетін мемлекеттік қолдаулар мен мүмкіндіктер, өңірлік деңгейде жастарды жұмыспен, баспанамен қамту мәселелерін сөз етті. Жиында сөз алған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жастар және отбасы істері» комитетінің төрағасы Қайрат Дүйсенбайұлы ҚР 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасындағы өзгерістер жөнінде кеңінен талқылады.

– Биыл біз Жастар ресурстық орталықтарының құрылғанына 10 жыл толуына орай Республикалық деңгейде ауқымды түрде атап өтпекпіз. Осы уақыт ішінде жастар ресурстық орталықтары Мемлекетттік жастар саясатын іске асырудың негізгі институционалдық бөлігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңындағы тұжырымдамалық өзгерістерге қол қойды. Өткен жылы 28 ақпаннан бастап аталмыш Заң өз күшіне енді. Заңға енгізілген өзгерістер аясында жастар категориясы 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Осылайша мемлекеттік жастарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды пайдалану 3,5 млннан жастан 6 млн жасқа дейін көтерілді.

Сонымен қатар жиында комитет төрағасы:

Жастардың даму индексі;

Уақытша жұмысқа орналаспаған жастар яғни NEET санатындағы жастармен жұмыс;

Жастармен жұмыс істейтін маман санаты;

Жастардың еңбек жасақтары мәселелеріне тоқталып, жұмыс барысын өңірлік деңгейде жетілдірудің маңыздылығын айтып өтті.

ҚР 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жастарды жан-жақты қолдауға негізделген 7 бағыттан, 12 индикатор, 80 іс-шарадан құрылған. Қазіргі таңда барлық жоспар аясындағы жұмыстар жергілікті әкімдіктермен келісіліп, бірлесе жұмыс жүргізілетінін де айтып өтті. Іс-шара барысында делегация мүшелері облыстық жастар ресурстық орталығында жергілікті жас кәсіпкерлер көрмесін, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық базасының музейін тамашалады. Өңірдегі жастар саясатының жүзеге асырылу барысын, «Сыр жастары» тұрғынүй бағдарламасы жөнінде, NEET санатындағы жстармен жұмыс жасау бөлімінің жұмысымен және «Кітап құрттары» жастар қозғалысының қазіргі ахуалымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: