Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) егер тәліптерді әйелдерге жұмыс істеуіне рұқсат беруге көндіре алмаса, келесі айда Ауғанстаннан толық кетуге дайын.
Осылай деп Associated Press (AP) агенттігіне БҰҰ-ның даму бағдарламасының басшысы Аким Стайнер мәлімдеген.
Сәуір айының басында тәліптер БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясында жұмыс істейтін әйелдерге жұмысқа шығуға тыйым салған. Қазір БҰҰ-ның даму бағдарламасының өкілдері тәліптермен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.
2021 жылдың тамыз айында билікке келген «Талибан» қозғалысы біртіндер әйелдердің жұмыс істеуіне, білім алуына, спортпен айналысуға, еркін жүріп-тұруына тыйым салды.
«Ауғанстан экономикалық апаттың алдында тұр. Егер әлемнен гуманитарлық көмекті жеткізіп, үлестіріп отырған БҰҰ өкілдігі бұл елден кететін болса, миллиондаған ауған халқы аш қалу қаупі тұр»,- деді Стайнер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!