Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы: «Желден зақымданған ғимараттарға бюджет қаражаты жұмсалмайды» (Видео)

04.04.2023, 15:35 323

HALYQLINE.KZ Сәуірдің алғашқы күндерінде соққан қатты дауылдың бірқатар нысанға залал келтіргені белгілі. Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте осы жағдайдан туындаған мәселелер күн тәртібінен тыс қаралды.

Еске салсақ, 1-2 сәуірде облыс аумағында екпіні секундына 24-28 метр болатын қатты дауыл тұрып, бірқатар нысанның шатыры ұшуы, электр жарығының өшуі тіркелді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев жалпы 24 нысанға зақым келгенін айтты. Оның 22-сінің шатыры ұшқан, 1-еуің терезелері сынған, 1 жылу беру нысанының мұржасы құлаған. Облыс бойынша атап айтқанда, Қазалы ауданында 2, Қармақшы ауданында 1, Жалағаш ауданында 2, Сырдария ауданында 2, Шиелі ауданында 9, Жаңақорған ауданында 1, Қызылорда қаласында 7, барлығы 24 нысан зақымданған. Оның 7-і – білім беру ұйымы (6 мектеп, 1 колледж), 3-і – ауылдық мәдениет үйі, 9-ы – мемлекеттік мекеме (оның ішінде 2-і коммуналдық, 1-і мешіт), 2-і – көпқабатты тұрғын үй, 3-і – жеке тұрғын үй. Аймақ басшысы осы мәселеге орай қала және аудан әкімдеріне шұғыл түрде облыстық білім, мәдениет және спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларымен бірлесіп, жұмыс комиссияларын құруды тапсырды. Комиссиялар әрбір нысанға келген шығын көлемін есептеп, оларды қалпына келтіруге қаржы көзін қарастырып, нақты ұсыныс беруі тиіс.

– Екі аптаның ішінде залал келген нысандардың барлығы қалпына келтірілуі керек. Оған бюджеттен бір тиын да қаражат бөлінбейді. Салынғанына елу жыл болған ғимарат болса түсінікті, ал кейінгі үш-төрт жылда пайдалануға берілген нысанның шатыры бір желге шыдас бермесе, оған бюджет қаражаты жұмсалмайды, – деді аймақ басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: