Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысының кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынатынын мәлімдеді.
«Мен премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл «күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» тұжырымдамасына сай келеді», – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Президенттің айтуынша, болашақта үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн.
«Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады», – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!