Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шыңға шыққан жарық жұлдыз

07.03.2023, 16:47 410

Қазақ қоғамы ертеден ақын, жазушыға кенде емес. Заманының заңғар тұлғасы болған жандар да жетерлік. Елдегі әділетсіздік пен бай-бағыланның шамадан тыс әрекетін туындысына арқау еткен алаш азаматтарының еңбегі орасан зор.

Халық игілігін үшін қаламын серік еткен, шындықты астарлап билікке жеткізген, қоғам қайшылығын сынап, көрсеткен қазақ ақынының бірі – Сәбит Дөнентаев. Тұлға ақындық қабілетінен бөлек, жазушы, ағартушы демократ ретінде қаншама жұмыс істеп, біраз салада бой көрсеткен еңбеккер. Қарашаның қамын ойлаған тұлға кедей отбасында дүние келген. Қайраткердің шығармалары медресе бітіргеннен кейін басталды. Заманның алмалы-төкпелі уақытында өмірген келген тау тұлға 1916 жылы соғысқа да қатысты.

Жазушы қазақ халқының өмірін жақсарту үшін  «Алаш» зиялыларымен бірігіп, автономия құру ісіне қолдау көрсеткен. Өзінің саналы ғұмырында елі үшін қызмет атқарып, біршама игілікті жұмыстың басы-қасында болды. Қазаққа серпіліс пен өзгеріс қажет екенін ерте бастан түсініп, қарапайым жұрттың көзін ашуға әрекет жасады.

С.Дөнентаев Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, жаңа үкіметті қолдайтынын жеткізген. Қазақ халқына басқа ұлт өкілдерімен бірдей тең құқық иеленеді, шаруаның тұрмысы оңалады, жетім-жесірлердің жағдайы жақсарады деген оймен билікке сенеді. Мектепте ағартушы-мұғалім болып қызмет атқарады. Бала  оқытып, сауатын ашу мақсатында үгіт-насихат жасайды.

Қаламгер әйелдердің тең құқықта өмір сүруіне зор үлес қосқан. Қалың малға тыйым салу үшін күресте тер төккен. Бір қызығы ақынның жұбайы Қорлығайынды қалың мал бермей, жар етіп алған. Себебі ол Мәненбай атты байдың немересі болған. Ал Сәбиттің әкесі Дөненбай өмір бойы ауқатты адамның малын баққан.

Демократтың көзқарасына Абай мен Крыловтың мысалдары қатты әсер еткен. Ақынның Уфа қаласында 1915 жылы «Уақ-түйек» өлең жинағы басылып шығады. Бұл еңбегінде сатиралық мысқылмен халықты қанаған патша мен байдың ісін сынға алады. Биліктің әділетті болу қажет екенін астарлап түсіндіреді.

Қайраткер Абайдың шығармашылығын да көп зерттеген. Ұлы тұлғамызға арнап «Абайға» атты жыр жолдарын арнап, оның азаматтық болмысына терең толғам жасай білген. Осы туындыны оқысаңыз, қаламгердің Абай поэзиясын бағыты мен сырын түсінгенін көресіз.

Көптеген туындының шығуына арқау болған жазушы ұзақ өмір сүре алмады. Дегенмен, қазаққа өшпестей мұра аманат қалдырды. Тарихи тұлғаның басынан өткергені, істеген игі жақсылықтары болашақ ұрпаққа  үлгі болса дейміз.

Бибінұр ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,

Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық

жоғары колледждің 3 курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: