Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімдігінде аппараттық мәжіліс отырысы өтті

28.02.2023, 10:00 390

HALYQLINE.KZ Кеше қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы өтті.

Мәжілісті бастамас бұрын шаһар басшысы қала әкімдігіндегі кадрлық өзгерістерге тоқталып өтті.

Алдымен қала әкімі «орталықтан – өңірге» ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен келіп, Қызылорда қаласы әкімдігінде экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы мен жер, кәсіпкерлік салаларына жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Ермеков Дінмұхаммед Жандарбекұлын таныстырды.

Осы уақытқа дейін экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы мен жер, кәсіпкерлік салаларын жетекшілік етіп келген қала әкімінің орынбасары Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы мәдениет және спорт, қоғамдық даму мен әлеуметтік мәселе және білім салаларына басшылық ететін болады.

Мұнан соң Асылбек Өмірбекұлы  қаланың қаржы саласының дамуына лайықты үлесін қосып, қаржы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келген Айменов Сейтмахан Нұрәліұлына құрметті зейнет демалысына шығуына байланысты Қызылорда қаласының «Құрмет грамотасын» табыстады.

Аппараттық мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев қаланың санитарлық тазалығы, көркейту-көгалдандыру және абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Асылбек Өмірбекұлы тиісті сала басшысына қала аумағындағы көшелерге, көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласы, әсіресе шет аймақтағы тұрғын аудандарға тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізіп, ойын алаңдары мен сквер-аллеялардың тазалығын күнделікті қадағалауды талап етіп, бұл жұмыстардың қатаң бақылауында болатындығын жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғабит Қожахметов қаладағы «қызыл сызық» талабын сақтамай салынған нысандар туралы баяндады. Қала әкімі қала аумағында «қызыл сызық» нормаларының сақталуын қатаң бақылауға алуды, ал «қызыл сызық» нормаларын бұзған тұлғаларға қолданыстағы заң аясында айыппұл салу жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.

Келесі, кәсіпкерлік саласының мәселелері жан-жақты талқыланды. Қала әкімі Асылбек Шаменов қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Аманкелдиевке қаржы ұйымдарымен бірлесіп кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен шарттарын түсіндіру, өз кәсібін жаңадан ашқысы келетін бастамашыларды кәсіпкерлік негіздеріне тарту мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді және мемлекеттік қолданыстағы барлық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, қаланың несие портфелін арттыру бағытында нақты шараларды қабылдауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: