Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі қосымша ғимарат құрылысымен танысты

17.02.2023, 17:40 371

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейіне барып, білім ошағының жанынан салынып жатқан қосымша ғимарат құрылысымен танысты.

600 орындық мектепте қазіргі таңда 2275 оқушы білім алуда. Сондықтан білім ордасының аумағын кеңейту мәселесі күн тәртібіне енгізіліп, қараша айында қосымша 375 орындық ғимараттың құрылысы басталған еді. Келесі оқу жылына қарай мектептің жаңа корпусы оқушыларды қабылдауға дайын болады.

Сондай-ақ, облыс әкімі мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуын көріп, балалар тағамдарының дәмді әрі құнарлы болуын қадағалауды тапсырды. Айта кетейік, биыл мемлекеттік мектептердің 1-4-сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бұл мүмкіндік облыстағы мемлекеттік білім беру ордаларындағы 70 863 бастауыш сынып оқушыларына беріліп отыр. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасында тәрбиеленетін 5-11-сыныптағы 17 382 оқушы да тегін тамақтанады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: