Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Назарбаева неге риза болды?

20.04.2020, 18:57 541

HALYQLINE.KZ –| «Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы өтті» деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Отырыста Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын бөлу мәселесі қаралды, заң жобалары бойынша негізгі комитеттер белгіленіп, Сенаттың 30 сәуірге жоспарланған кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.

Бюро отырысында сөз алған Дариға Назарбаева Палата отырысының күн тәртібіне енгізілген заң жобалары біздің мемлекет пен қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті. Соңғы жылдары азаматтарымыз көтеріп жүрген көптеген мәселелер осы жаңа заңнамалық актілерде көрініс тапты.

Сонымен қатар, Сенат басшысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған журналистер, дәрігерлер, полиция мен әскери қызметкерлердің, еріктілердің қатысуымен болған келеңсіз көріністерге де тоқталды.

«Бүгінгі таңда дәрігерлер де, журналистер де алғы шепте қызу еңбек етіп жатқанын еске салғым келеді. Олар ықтимал қауіп-қатермен күнде бетпе-бет келсе де, өзінің кәсіби борышын адал атқарып жүр. Сондықтан, оларға құқықтық қорғау мен адами қолдау аса қажет», – деді ол.

Дариға Назарбаева қазір кінәліні іздемей, түсінбеушіліктерді өршітпей, өзекті мәселелерді бірігіп шешіп, ынтымақпен жұмыс істейтін, бір-біріне көмектесетін уақыт екенін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: