HALYQLINE.KZ Шиелі ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы бүгін аудандық мәдениет үйінде ерекше жағдайдағы балалардың қатысуымен өтті.
Мерекелік шараның алғы сөзін алған аудан әкімі Нұржан Ахатов барша жұртшылықты және балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалардың бар жақсылыққа лайықты екендігін, осы мақсатта мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар түгелдей жасалатындығын жеткізді. Кеш барысында әуелете ән шырқалып, шараға қатысушылар өз өнерлерін Аяз ата мен ақшақарға көрсетіп, түрлі сыйлықтарға ие болды. Шыршаны айнала билеген бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!