Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz
Басылымның жазуынша, Көкірекбаев «BAZIS CONSTRUCTION» – «INFR.» ЖШС бөлімшесінің директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар пара алу кезінде ұсталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-әкімнің пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпаратты ресми растаған.
Айта кету керек, Кәрім Көкірекбаев 2013-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі қызметін атқарды.
2019 жылғы тамыз айында ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің басшысы болып тағайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!