Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда жастар форумы өтті

09.12.2022, 16:30 385

HALYQLINE.KZ

«Мен жастарға сенемін». Мағжан ақынның осынау лебізі әлі күнге мән-мағынасын жойған жоқ. Мұны Қазалы ауданында «Болашаққа үміт жастарға сенім» атты форумы тағы бір дәлелдеді.

Аудан орталығындағы «RR» салтанат сарайында өткен іс-шарада қазалылық жастардың қол жеткізген жетістіктері мен жоғары көрсеткіштері кең көлемде сараланды. Форум барысында қоғамдық өмірге белсене араласқан жастар мен таланттарға қолдау көрсеткен жастар жанашырлары марапатталды.

Форумға қазалылықтармен қатар, Қызылорда қаласы және көршілес Арал ауданының жастары, республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығының иегерлері шақырылғанын айта кеткен жөн.

Басқосуда Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, қазалылық жастардың бағындырған биік белестеріне ерекше тоқталды.

Келесі кезекте Мұхтар Әуесұлы жастарға қолдау көрсетіп жүрген облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, «Агро Өркен» ЖШС директоры Медеу Есқожаев, «Сауаптан құр қалмайық» қоғамдық қорының директоры Мақсұт Қарымсақов, жеке кәсіпкер Әділет Қарымсаққа «Жастар жанашыры» номинациясын табыстап, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, өз мамандығы бойынша еңбек етіп жүрген жастарды «Жыл таңдауы» номинацияларымен марапаттады. Аудан әкімінің қолынан марапат алғандардың қатарында бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Гүлсая Ержан, қайырымды жас Жангелді Аяғанов, математика пәнінің мұғалімі Құдайберген Төлепбергенов те бар.

Салтанатты іс-шарада облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тілес құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қазалылық жалынды жасты марапаттады.

Аудандық форумда жергілікті өнерпаздармен қатар, жастардың арасында танымал әншілер, жерлестеріміз Ринат пен Асылжан Шамшырақ өнер көрсетіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Форумға қатысушылар республикалық «Жайдарман» ойындарының чемпионы, «Арал-ас» КВН командасының белді мүшесі Ақылбек Іскендіровтің өнеріне ризашылық танытты.

Аудандық жастар форумы одан әрі көңілді би кешіне ұласты.

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: