HALYQLINE.KZ Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.
Еске салайық, Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың қыркүйегінде Қарағанды облысының әкімі болған еді. Бүгін оның қызметінен кеткені белгілі болды.
Жеңіс Қасымбек – 44 жаста, Жамбыл облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. 1998 жылы «Темірбанк» ААҚ бас маманы болды.
1998-2000 жылдары – ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлім басшысы.
2000-2004 жылдары – ҚР ККМ су көлігі департаментінің директоры.
2004 жылдан 2005 жылға дейін – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры.
2005 жылғы қарашада Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды.
2009 жылдың наурызынан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.
2014 жылдың наурызында көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!