Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу беру маусымы тұрақты өтуде

05.12.2022, 15:25 214

 HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында жылу беру маусымы жоспарға сәйкес тұрақты өтуде. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте жауапты сала басшылары хабарлады.

Бүгінде 815 көпқабатты тұрғын үй толығымен жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 774 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесімен, ал қалған 41 үй автономдық блокты модульдік қазандықтар арқылы жылытылады. 

– Тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Қызылордажылуэлектр орталығы» МКК-дағы жылу көздерінің негізгі қондырғылары қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Яғни, КОГТЭС-тегі №1,2,3 газотурбиналық қондырғысы мен су қазандығы, ЖЭО-ның №9 бу қазандығы мен №3 турбогенераторы, Оңтүстік қазандығы бойынша №3, 5, 6, 7 бу қазандықтары, қаланың мөлтек аудандарында орналасқан 15 дана автономды блок модульді және Белкөл қазандықтарымен жылу беру температурасы сыртқы ауа райының температурасына (75, 77 оС) сәйкес берілуде, – екендігін «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесіндегі бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев атап өтті.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан әлеуметтік желіде жолданған сауалдардың басым көпшілігінде жылу бөлмелерге теңгерімді түрде берілмейтіндігі (бір бөлмелер ыстық, екіншілері суып кетуі) хабарланады.

– Оның басты себептерің бірі – тұрғындардың түрлі жолмен өз пәтерлерлерінің жоспарларын өзгертуі немесе пәтерішілік құбырлардан ауа айналымының дұрыс жүргізілмеуі, құбырларға тазарту жұмыстарының жүргізілмеуі.   Бұл жағдайда «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына (32-бап, 1-тармақ) сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті екендігі көрсетілген. Осыған сәйкес, тұрғын үйдің инженерлік жүйелерін қалыпқа келтіру үшін тұрғындар қажетті материалдарды алу арқылы басқару органымен (ПИК/КСК) бірлесе жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Яғни, ортақ меншігі болып табылатын тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізу тікелей тұрғындардың өз міндеті болып табылады, – деді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек.

Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы – 190 шақырымды құрайды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев биылғы жылу маусымы барысында  жоспарланған жөндеу жұмыстары толығымен  бекітілген кестеге сай жүргізілгендігін атап өтті. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: