Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жылқы етінен чипсы өндіріледі

04.11.2022, 17:00 440

HALYQLINE.KZ

Жеке кәсіпкер Данияр Тыныштық «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,6 млн грант жеңіп алып, өңірге жаңашылдығымен келген кәсібін дөңгелетуде. Ет чипсын өндіру мақсатында арнайы құрылғылары мен пештерін сатып алып, шығарылған өнімдермен басқа да аймақтарды қамтамасыз етуде. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлады.

Д.Тыныштық жылқы етінен чипсы, ет және тауық снектерін шығарады. Оның айтуынша, етті кептіру кезінде барлық пайдалы заттар, соның ішінде ақуыздар, липидтер, А,Е, Д дәрумендері, көптеген микроэлементтер толығымен сақталады. Өнімдер ГМО, жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштерді қолданбай, жоғары сұрыпты тұтас бұлшықет етінен жасалады. Оңтайлы таңдалған табиғи дәмдеуіштерді қолдана отырып, бірегей рецепт бойынша шығаруда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлік саласын дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шаралары артып, «Мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра береді» деген болатын.

Бұл тұрғыда облыс орталығында да жүйелі жұмыстар істеліп, «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы – 2020, 2025» секілді кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар өз тиімділігін дәлелдеп келеді.

Кәсіпті жаңа бастаған және бұл бағытта шаруасын жүйелеген азаматтар мұндай қолдауларға ризашылықтарын білдіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: