HALYQLINE.KZ Қазалы ауданындағы іргелі елді мекеннің бірі – Бекарыстан би ауылында 2021 жылдан бері 100 орындық жеке балабақша жұмыс істеп келе жатыр. Жобаның бас демеушісі – Бекарыстан би ауылының тумасы, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында тұратын жеке кәсіпкер Болат Сансызбаев. Құрылыс жұмыстарын бастауға 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 50 млн теңге несие алды. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлайды.
«Ұмытшақ ана» атты жаңа балабақша қазіргі заманғы талаптарды сақтай отырып салынған. Білім беру мекемесінде балалардың белсенді қозғалысы мен дамуына барлық жағдай жасалған. Балабақшада ойын алаңдары, әр топқа арналған жатын бөлмелер, ойын бөлмелері, асхана бар.Сондай-ақ, музыкалық аппаратуралармен қамтамасыз етілген музыка кабинеті де бар.
Ақтөбе қаласында тұратын жерлесіміз Болат Сансызбаев ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту және «Туған жерге тағзым» акциясы аясында пайдалануға бергенін жеткізген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!