Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

3 мыңнан астам қызметкер үшін дәріс оқытылды

11.10.2022, 10:00 229

HALYQLINE.KZ Қолданыстағы заңнамаға сәйкес полиция өз кезегінде террористік тұрғыдан осал 887 нысанды (бұдан әрі – ТТО объектілері) терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Бұл – адамдар көп жиналатын, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік объектілер. Бұлардың көпшілігі – білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері.

ТТО объектілерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектінің техникалық нығайтылуын, сондай-ақ жұмыс жасайтын қызметкерлерінің террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдыларын тексереді.

Өткен жылы Қызылорда облысы ПД қызметкерлері осындай объектілердің 3150 иелерін, басшылары мен қызметкерлерін қамтитын 60 онлайн/офлайн семинарлар мен тренингтер өткізді.

Семинарларда терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама түсіндірілді, онда террористік акт жасау қауіпі бар іс-шараларға оқыту жүргізілді.

ТТО объектісінің басшылары мен қызметкерлері үшін терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету бағытында ішкі істер министрлігі нұсқаулықтарды әзірледі. Нұсқаулықтар объектілердің барлық басшыларына жіберілген және  Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің ресми сайттарында орналастырылған.

                              Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: