Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас отбасыларға неке куәлігі табысталды

16.09.2022, 11:05 674

HALYQLINE.KZ

Отбасы күніне орай Жалағаш ауданының орталық алаңында аудан әкімі Асқарбек Есжановтың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы қойылымынан бастау алды.

Асқарбек Темірбекұлы аудан халқын отбасы күнімен құттықтап, өмір баспалдағын алғаш аттап, отбасы атанып жатқан жас жұбайларға неке куәлігін табыстады.

– Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған киелі Жалағаш топырағы бірлігі бекем, татулық пен достықты ту еткен отбасыларымен ерекше мақтанады. Отбасылық құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтай білетін жарасымды жанұялар – әрдайым біздің мерейіміз. Аудан бойынша биылғы жылы 116 жас отау шаңырақ көтерсе, 480 бала дүниеге келді. Ал, көпбалалы отбасылар саны 1200-ді құрап отыр. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналар қатары да жыл санап көбейе түсуде, – деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: