Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бақыт кілті

11.09.2022, 12:00 666

HALYQLINE.KZ

Атақты сиқыршы Харри Хоудиннің атын естімеген адам жоқ шығар сірә. Ол: «Тек бір қабат киіммен ғана кіріп, ешбір сайман қолданбастан қандай да мықты түрменің құлпын бұзып, есігін ашып. бір сағаттың ішінде білдірмей шығып кете аламын» деп мақтанады екен. Англияның кішкентай аралындағы бір кішкентай қаланың тұрғындары оны шақырып, сол айтқан сөзін орындап беруді өтінген екен.

Сонымен Харри сонда барған кезде оны түрмеге отырғызып, есіктерін тас қылып бекітіпті. Қаланың ешбір тұрғыны оны мына қорқынышты бөлмеден босап шығады дегенге сенген де жоқ.

Ал сиқыршының қалтасында 25 сантиметрлік жіңішке темір бар екен. Ол осы құпия сайманымен кез келген құлыпты бұза алушы еді. Сайманына сенген Харри құлыпты қанша шұқыласа да, алғашқы 30 минутта ештеңе жасай алмады. Оның бетіне қорқыныш, сенімсіздік біліне бастайды. Ал келесі 30 минут өткенде оның бүкіл денесінен тер тамшылап аға бастапты.

Екі сағат өткен соң осымен бәрі бітті деп ойлаған сиқыршы есікке арқасымен сүйеніп отыра бергенінде есік өзінен-өзі ашылып кетіпті. Себебі ол есік құлыпталмаған еді. Басында құлыпты шұқыламай тура итерген болса ашылып кетер еді, бірақ сиқыршымыз есік құлыптаулы деп толық сенгендіктен оны итеріп көрмеген екен.

Иә, бақыт кілті де дәл солай болады. Оны бекітулі деп ойласаң, ешқашан ашылмайды. Ал ашу үшін аздап итеру керек.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: