Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар тиісті топтамамен қамтылуда

17.08.2022, 13:30 405

Бүгінде облыс бойынша табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақымен қамтамасыз етілген 32 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Одан бөлек, 2020 жылы өзгерген жаңа тәсіл бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушыларға да мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов баяндады.

– 2022 жылдың 3-тоқсанына Қызылорда облысы бойынша есептелген кедейлік шегінің мөлшері 27 339 теңгені құрады. Мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасындағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға кепілді әлеуметтік топтамалар ұсынылады. Атап айтқанда, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар азық-түлік жиынтығымен және гигиена заттарымен қамтамасыз етіледі. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектепте ыстық тамақпен, оқу құралдары мен мектеп формаларымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, мектепке барып қайту жол шығындары өтеледі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 2022 жылға бюджеттен 5,1 млрд теңге қаржы қаралған. 2022 жылдың 7 айында облыс бойынша 10 656 отбасына 2,9 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді, – деді М.Жақсылықұлы.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, аз қамтылған отбасыларындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге қаржы бөлінген. 1 тамыздағы жағдай бойынша 13 188 бала азық-түлік және гигиеналық топтамамен қамтамасыз етілген. Орта білім беру ұйымдарында білім алатын 6 539 балаға қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз ету үшін тиісті қаражат төленген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: