Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 1000 орындық «Өнер сарайының» құрылысы басталды

11.08.2022, 15:00 555

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сыр елінде 1000 келушіге арналған жаңа өнер сарайының алғашқы іргетасы қаланды. Құны 3,7 млрд теңгені құрайтын екі қабатты өнер сарайының құрылысы шамамен 1.5 жылда салынып бітеді. Ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар мен түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев халық санының өсуіне байланысты үлкен сыйымдылықтағы көрермендерге арналған өнер ордаларының қажет екенін жеткізіп, құрылыс жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Бүгін іргетасы қаланған жаңа өнер сарайы тек мәдениет саласының қызметкерлеріне ғана емес, Сыр руханиятына қызмет ететін, шығармашыл тұлғалардың киелі ордасына айналады деп сенеміз. Себебі руханиятқа жұмсалған әрбір қаржы жауһар туындылардың өмірге келуіне, ұлтты әлемдік аренада танытуға, талантты өрендердің шабытын шарықтатуға жол ашады, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: