Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев министрмен кездесті

10.08.2022, 9:30 496

HALYQLINE.KZ Кеше Нұрлыбек Нәлібаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Бағдат Мусинмен кездесті.

Сыр еліне жұмыс сапарымен келген министр аймақ басшысымен бірге өңірде цифрландыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, онлайн қызметтер алу, байланыс желілерін жақсарту бағытында бірлескен жұмыстар пысықталды.

Ведомоство басшысы Қызылорда өңірінде бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ондағы цифрлық қызметтердің сапасын саралап, тұрғындармен кездесу барысында өзекті мәселелерді айқындап алғанын жеткізді.

Ғарыш мониторингі нәтижесінде аймақта заңсыз пайдалы қазбаларды өндіріп жатқан 94 орын, рұқсат етілмеген 101 қоқыс нысандары анықталған.

Айта кетейік, Бағдат Мусин екі күндік жұмыс сапары аясында Қызылорда қаласында емхана және халыққа қызмет көрсету нысандарында болып, халықпен есепті кездесу өткізді. Сондай-ақ, Байқоңырда ғарыш кемесінің ұшырылу сәтіне қатысып, «Роскомостың» жаңа басшысымен бірге бірқатар мәселелерді талқылады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: