Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

05.08.2022, 10:45 648

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 25 сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Жағыпбаров жүргізді.

Мәслихат сессиясына, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде өзекті 9 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №17/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, 2021 жылғы 19 ақпандағы «2021-2025 жылдарға арналған Шиелі ауданын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» №2/2 шешімінің күші жойылды деп тану, жайлымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту, Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту, Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы ««Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» №21/16 шешіміне өзгерістер енгізу, Шиелі кентіндегі жаңадан ашылған атауы жоқ көшелерге атау беру, Жаңатұрмыс ауылдық округінің кейбір көшесіне атау беру, Алмалы ауылдық округіне қарасты 21 бекет ауылын «Науалы» деп қайта атау және Шиелі ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісу туралы маңызды мәселелер талқыланды.

Депутаттардың дауысқа салу қорытындысымен тиісті шешімдер қабылданды. Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілген. Сессия соңында, аудан әкімі Нұржан Ахатов аудан депутаттарын бірлесе отырып жергілікті атқарушы және жергілікті өкілді органның жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, облыс әкімдігі тарапынан қойылған міндеттер мен талаптардың, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуы, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси, мәдени рухани дамуы бағытында бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: