Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен алқа отырысында прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін прокурорлар күшін «қаңтар трагедиясының» себептері мен егжей-тегжейін анықтауға, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушыларын анықтауға бағыттады.
Бүгінгі күні осы оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданды, 717 адам сотталды (жаппай тәртіпсіздік жасау, ұрлық, тонау, қаруды сақтау және алып жүргені үшін).
Қылмыстық процесті кезең-кезеңмен жаңғырту жалғасуда.
Үш буынды модельді енгізу аясында прокурорлар 189 мың процессуалдық шешімді тексерді.
Жыл басынан бастап прокурорлар ерекше тәртіп негізінде аса ауыр қылмыстар бойынша 570 айыптау актісін толтырды.
Жалпы «прокурорлық сүзгінің» арқасында тергеудің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілерінің саны азайды.
Қылмыстық орбитаға тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылуда.
Жыл басынан бері 1077 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қызметтік үй-жайлардан және уақытша ұстау изоляторларынан 512 адам босатылды.
Прокурорлардың бастамасы бойынша 634 адамға қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді, 130 сотталушының жағдайы жақсарды, 15 – і ақталды.
Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 8 мыңнан астам заң бұзушылық жойылды.
Бюджетке 15 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Әр түрлі жауапкершілікке 14,5 мың адам тартылды.
Кедендік реттеу және сұйытылған мұнай газы нарығы саласында тәртіп орнатылды. Елеулі бұзушылықтар, ұрлық пен сыбайлас жемқорлықтың «көлеңкелі» схемалары ашылды.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, медициналық бұйымдарға баға белгілеу мәселелері, ірі көтерме сауда базарларының қызметі және т. б. бойынша тексерулер жүргізілді.
184 мыңнан астам адамның еңбек құқықтары қалпына келтірілді, 1,1 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек өтелді.
Азаматтық, әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2,1 мыңнан астам сот актілері түзетілді, 6,7 млрд теңгеге бюджет шығындарының алдын алынды.
Қадағалаудың басым бағыттарының бірі – бизнесті қорғауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Мәселен, кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша 845 қадағалау актісі енгізілді, 212 млн теңгеден астам сомаға 5,5 мың әкімшілік өндіру тоқтатылды, 6,2 мыңнан астам заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді және күші жойылды, 650-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.
Қадағалаушы орган алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығы мен маңыздылығына назар аудара отырып, Берік Асылов прокурорлардан азаматтардың конституциялық құқықтарын, бизнес пен мемлекет мүддесін кешенді қорғауға, сондай-ақ қылмыстылықпен күресте үйлестіруші ролін күшейту керектігін талап етті.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!