Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сержант қыздың жырлары

29.07.2022, 10:30 732

HALYQLINE.KZ Қалжан Жұлдыз ЗК-169/1 тергеу изоляторында бақылаушы қызметінде. Тал шыбықтай бұралған ару, нәзіктігіне қарамай тегеурінді тергеу изоляторында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп келеді.

Жаны нәзік болғанмен, талабы таудай жас арманшыл, қиялшыл ғана емес, қайтсем еліме пайдамды тигізсем деп, ұлтжанды болып өсті.  Ұлтжандылығы сол да, бүгінде міне ел қауіпсіздігін қорғау жолында, тәуелсіз еліміздегі тыныштықты сақтауға өз үлесін қосып келеді.

Антына адал, сертіне берік жігіттерден қалыспай, тергеу мекемесіндегі өз қызметтік міндетін мінсіз атқаруда.

Ал, арманшылдығы мен жүйрік қиялы оны өзгелерден ерекшелендіріп тұрады. Өйткені ол тым сезімтал. Содан болар сержант қыз айнласындағыларға қамқорлықпен, аса зор мейіріммен қарайды. Айына бір рет қаламыздағы қарттар үйіне барып,ондағы қариялармен әңгімелесіп, кітап оқып беріп, көңілдерін аулап жүреді.  Сондай шақтардың бірінен туған өзекжарды жырын оқыңыздар.

Қарт ана отыр самай шашы ағарған,

Үнсіз ғана жетелей ме ақ арман?!

Мұңды көздер сыр шертеді жай ғана,

Құр кеуде боп, үміт оты жоғалған.

Сұxбаттастым, аруанамен тілдестім,

Келе бермейд(і) мені іздеп күнде ешкім,

Е, шырағым, өткен күндер  келмес күн.

Деген сөзді  күрсініп айтты қария,

Осылайша бастап кетті әңгімесін,

Түсіндіріп біздерге жан кемесін.

Мынау тұрған қарттардың үйі деді,

Осында өтіп жатыр таңғы елесім.

Мұнда әкеліп  тастады  балаларым,

 Кеткен соң, шалым өліп, қара нарым.

Үлкейгенде түсінер жайымызды,

Баптап баққан, ұл-қызым дараларым.

Үнсіз ғана ана жанын ұғындым,

Тұл бойымда  шырылдады құлын жыр.

Жалбарынып, жаратқаннан  тіледім,

Ұрпағына анасының қасиетін ұғындыр.

«Өлеңге әркімнің де бар таласы» демекші, өмірдің өзін өлеңге айналдырған погондағы қыздың бұдан бөлекте жыр шумақтары көп. Бірі туған қаласына, бірі анасына, достарына, әрине жас болған соң, махаббатқа да арналған жырлары бар.  Ол өлеңдерін алдағы уақытта жариялай жатармыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: