HALYQLINE.KZ Ташкенттегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде салмағы 87 келіден астам қыздар тұғырға шықты.
Ауыр атлетика федерациясының мәліметі бойынша, Қазақстан өкілі Айсамал Сансызбаева әрбір жаттығуда және қоссайыста күміс медаль жеңіп алып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.
Жалпы, ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер арасында 102 келіде Никита Абдрахманов алтын медаль иегері атанды. Спортшымыз қоссайыстың нәтижесінде 354 (158-196) келіні бағындырды. Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Жолтай Санжар (102 келі), 20 жасқа дейінгі жастар арасында Динара Қыпшақбай (81 келі) қола жүлде алды.
Бұған дейін ел құрамасынан Едіге Емберді (73 келі), Әлішер Байбуров (67 келі), Денис Полубояринов (81 келі) алтын медаль алған болатын. Сонымен қатар Надежда Ли (64 келі), Аружан Дәулетова (71 келі), Алексей Чуркин (73 келі) күміс медальға қол жеткізді. Ал Ерасыл Омаров (55 келі), Азамат Төлеген (61 келі), Егор Шерер (81 келі) қола жүлде иегері атанды. Жарысқа ұлдардан – 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!