Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тұрмыс және Бақылау» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді

22.07.2022, 14:15 232

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласында және бұрын сотты болғандармен қылмыстарды болдырмау мақсатында  ағымдағы жылдың шілде айының 13-17 күндері аралығында «Тұрмыс және Бақылау» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларына сәйкес, облыс көлемінде зорлық-зомбылық жасаған адамдардың құқықтық санасына және мінез-құлықтарына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, олардың тарапынан жаңа құқықбұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 34 тұлға 30 тәулік мерзімге полицияның есебіне алынды.

Ал әкімшілік Кодекстің 54-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде, учаскелік инспекторларымен келтірген ұсыныстары негізінде, сотпен құқық бұзуға бейім 10 тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, олар 3 ай мерзімге полицияның есебіне алынды. 

Есепке алынғандардың жүріс-тұрыстарына шектеулер қойылып, учаскелік полиция пунктеріне белгілі мерзімде келу міндеттелді.

Одан бөлек, «мүлдем төзбеушілік» қағидатына сәйкес, 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушыққа дең қойылды.

«Алкоголь өнімдерін шамадан тыс пайдаланушы» санатымен есепте тұрған қала тұрғыны 6 ай мерзімге алкоголизм ауруынан емделуге жатқызылды.

Аталған іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: